Бұл бетте «Мәңгі бірге болайық» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әнін жазған Серік Сыздықов
Саған деген сезім дара,
Асқар тауым өзің ғана,
Бұл ғаламда,
Нұр ғаламда.
Сен бар жерде күн нұры бар,
Күміс күлкі сыңғыры бар,
Таңғажайып,
Жан ғажайып.
Қайырмасы:
Мәңгі бірге болайық,
Туған айдай толайық
Шыңдарда да,
Сындарда да.
Мәңгі бірге болайық,
Армандарға барайық
Бір сенімен,
Гүл сеніммен.
Қасымдасың қуансам да,
Қасымдасың мұңайсам да,
Асыл жарым,
Ғашық әнім.
Өзіңменен өмір жарқын,
Көтеріңкі көңіл әр күн,
Асыл жарым,
Қасыңдамын.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі