Қабақты қату түйіп тым
- 0
- 0
Қабақты қату түйіп тым,
Отырдың шетте тұйық тым.
Әлде бір жаннан опық жеп,
Таттың ба уын күйіктің?
Бұл бетте «"Сенуге болмайды ешкімге"» атты Айдана Боранбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қабақты қату түйіп тым,
Отырдың шетте тұйық тым.
Әлде бір жаннан опық жеп,
Таттың ба уын күйіктің?
Сен жатырсың құшағында ұйқының,
Мен отырмын қарауылдап үй түнін.
Тамылжыған тыныштықты тілгілеп,
Көңілімде көрмейді бір күй тыным.
Ауыл-аймақ тәтті ұйқыға батса да,
Әнге қосып талдар сыбдыр қақса да,
Қыз бен жігіт қол ұстасып әлі жүр,
Айлы түннің аясында бақшада.
Жаным-ау, түсіме сен көп кіресің,
Ерекше сыңғыр қағып, көп күлесің.
Алыстан алаулаған арманым-ай,
Қаншама қиялдаған өтті кешім?
Тимур
Егер қиын болмаса бір сұраққа жауап берсеңіз: неге тақырыбын тырнақшаға алдыңыз?
баймұрат Ш.
Кушти өлең екен