Мейлі! Мейлі! – Akhanova_zhuldyz

Бұл бетте «Мейлі! Мейлі!» атты Akhanova_zhuldyz жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қарағаның қимай-қимай тамсана,
Шексіз бақыт сыйлар маған қаншама.
Мен бағымды іздемеймін өзгеден,
Махаббатың қанша əуреге салса да.

Орның қалды жүрегімнің төрінде,
Мейлі! Мейлі!
Көрінбесең көрінбе!
Дегенменен сыздатпашы жүректі,
Керек маған сағынғаның сенің де.

Қарайлаймын сенің жансыз бейнеңе,
Мейлі! Мейлі!
Сөйлемесең сөйлеме!
Күн нұрындай күлімдейсің бірақ та,
Сезінбейсің сүйерімді сен неге?!

Көзім қалды сенің мөлдір көзіңде,
Мейлі, мейлі!
Сезінбесең сезінбе!
Саған ешбір өкпе-назым жоқ менің,
Барлық кінə мына менің өзімде.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Нұржайна

Мына өлең тамаша екен. Мен үшін жаралғандай!

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар