Келме дедің – келдім – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Келме дедің – келдім» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2048
Әнін жазған Медеу Арынбаев

Өзіңді көремін деген армандарым-ай,
Көрген кезде келбетіңе таңданғаным-ай.
Алғашқыда таң-тамаша тойда таныстық,
Жұмбақты бір ойда қалыстық.
Аңдаусыз басқаға көзім түсіп кетті ме?
Қызғаныштың оты сені қысып кетті ме?
Сырт айналып шыға келдің табан астында,
Бұлт айналып қабақ астында.

Қайырмасы:
Келме дедің, келдім, келіп тұрмын,
Айыбымды мен тегі сезіп тұрмын.
Аңсағаным сен, сен жүрегімде,
Махаббатым сен бұл өмірде.

Кейбір кез көңілде жеңіл желік болады,
Жігіттерде осындай да ерік болады.
Бәрібір мен сенен кетіп, қайда барамын?
Бір өзіңді қайта табамын.

Қайырмасы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері