Бұл бетте «Келші маған» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әнін жазған Дүйсенхан Сыздықов
Көктем самалы
Беттен шамалы
Жайлап желпісе бір болғаны:
Сенің күнің боп,
Сенің үнің боп,
Жырға жанымның толғаны.
Қайырмасы:
Келші маған,
Тамылжыған сен таң болып.
Сенші маған,
Төгілейін мен ән болып.
Кәусар бұлағым,
Аңсар жыр-әнім,
Мәңгі сөнбей сәуле беріп тұратын,
Кәусар бұлағым,
Аңсар жыр-әнім,
Көктен күткен асыл арман мұратым.
Айбын асқарым,
Айлы аспаным,
Жайлы жан нұрын мол шашқаным.
Сенің сөзіңнен,
Сенің көзіңнен
Бәрін түсіне мен бастадым.
Қайырмасы.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі