Айналайын, балам-ай – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Айналайын, балам-ай» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 4601
Әнін жазған Дүйсенхан Сыздықов

Айналайын балам-ай, алтыным,
Арайланған таңғы нұр, жарқыным.
Күлші, жаным, көңілді көктемдей,
Өзіңменен бақытты әр күнім.

Қайырмасы:
Айналайын келбетіңнен,
Сәніміз де сен ғана.
Жан тербеген,
Тән тербеген,
Әніміз де сен ғана.
Жарығысың жан ананың,
Таңымыз да сен ғана.
Балақаным –
Балапаным,
Бағымыз да сен ғана.

Жанымыздың күн-айы, шуағы,
Тәніміздің шырайы, шынары.
Жеріміздің мөп-мөлдір бұлағы,
Еліміздің төккен нұр жыр-әні.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері