Қиялдағы ару
Бұл бетте «Қиялдағы ару» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әнін жазған Дүйсенхан Сыздықов
Көзім түсіп көктемнің киігіне,
Оранамын махаббат күйігіне.
Аңсауменен келемін сол аруды,
Жеткен кім бар арманның биігіне?
Қайырмасы:
Қиялым – қанатым
Қағатын заңгар көгімдегі
Мәңгі бір болатын
Серігім қайда өмірдегі?
Махаббат осы ма?
Арайлы аққу көліндегі?
Махаббат осы ма?
Сағыныш толы көңілдегі?
Күні-түні ойымды бөлемін де,
Арналады әсем ән-өлеңім де.
Жаным десе сол ару, арманым жоқ,
Күтудемін махаббат белеңінде.
Қайырмасы.
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі