Бұл бетте «Жүректе Алматы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әнін жазған Иван Бреусов
Керемет көркіңменен
Сұлулықтың бар екенін тез ұқтым.
Ғашықтық өртіменен
Өзіңменен бақ ішінде кезіктім.
О, қандай сүйікті едің?
Мені ояттың, сезімді беріп.
Қырандай биіктедім,
Осы қалада өзіңді көріп.
Қайырмасы:
Аматы, Алматы,
Арман қала,
Орман қала.
Алматы, Алматы,
Нұрын берген,
Гүлін берген.
Кешкі ақшам кезде
Саған жетем лезде.
Сен – ән аты,
Алматы, Алматы,
Жүректе – Алматы.
Өзіңмен өсе бердім,
Арқа тұтып ақ қайыңды тауларды.
Түп-түзу көшелерің
Бастай берді бақытыма арманды.
Өнер мен білім алып,
Мәңгі сөнбейтін шамымды жақтым.
Махаббат гүлін алып,
Осы қаладан жарымды таптым.
Қайырмасы.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі