Жасырма – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жасырма» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1324
Әнін жазған Иван Бреусов

Жатыр ғой талай сыр
Сөзіңде сенің.
Қалайша қарайсың
Көзіме менің?
Болмасын білемін
Махаббат жолы.
Бұлқынса жүрегім,
Кешіргін оны.

Қайырмасы:
Жасырма,
Түн үйқыңды кім ұрлады?
Жүрек неден шымырлады?
Ұмыт болар мұның бәрі,
Бәрі.
Жасырма,
Кім тұр аспан аясында?
Бұрынғы бақ саясында
Қайта құшақ жаясың ба?
Айтшы.

Оралар көктем де,
Желпінтіп желі.
Сол сәттер жеткенде,
Табармын сені.
Махаббат бұлбұлы
Бағына қонар.
Бәрі де бүл күні
Орнында болар.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жасырма өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жасырма өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жасырма өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жасырма өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері