Бұл бетте «Қыз сағынышы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әнін жазған Владимир Питерцев
Әке, мені наздана көркем еттің,
Әке, мені аз ғана еркелеттің.
Сағым қуған сапарға аттандың ба?
Неге сонша біздерден ерте кеттің?
Қайырмасы:
Сағындым ғой, әкетай, сағындым ғой,
Қарай-қарай жолыңа сабылдым ғой.
Келесің бе, әкетай, өбесің бе?
Санай-санай күндерден жаңылдым ғой.
Көрмегелі өзіңді айлар өтті,
Басымыздан неше бір жайлар өтті.
Неге тездеп біздерге оралмайсың?
Қайрылмастай қашықтап қайда кеттің?
Қайырмасы.
Айтшы, әке, біздерді кім аяды?
Қайтсе көңіл кірбіңі тыңаяды?
Жанарынан көремін жаутаңдаған,
Сені ойлап мамам да мұңаяды.
Қайырмасы.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі