Жасай бер, ана – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жасай бер, ана» атты Абдрахман Асылбек жазған ана туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2243
Әнін жазған Жеңіс Сейдоллаұлы

Айналайын аяулы асыл ана,
Ақ шағала күмістей шашың, ана.
Самғай ұшып кетсем де қияндарға,
Саған деген сағыныш басыла ма?
Сен болмасаң, аяулы асыл ана,
Шуағым боп күн нұры шашыла ма?
Ақ сүтіңмен аялап нәр бермесең,
Күй сандығым күмбірлеп ашыла ма?

Қайырмасы:
Ана, аяулы жаным, ана,
Арайлы таңым, ана,
Жасай бер мәңгі.
Ана, көңілдің гүлісің сен,
Өмірлік ырысым, ана,
Тіршілік тынысым, ана,
Арнадым өзіңе ғана осынау әнді.

Асыл анам, жанымда жүре берші,
Жаз күніндей жайраңдап күле берші.
Аппақ қардай кіршіксіз көңіліңмен
Жүрегіме жылу боп кіре берші.
Балаң болып ер жетіп, марқайсам да,
Жасай берші, жан ана, қартайсаң да.
Мәңгі көктем – өмірдің өзегісің,
Мейірімің – көл-көсір, дарқан дала.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жасай бер, ана өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Жасай бер, ана өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жасай бер, ана өлеңі не туралы?

Бұл шығарма ана туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жасай бер, ана өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері