Жолаушы
Бұл бетте «Жолаушы» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жолаушы жолда келеді,
Жеткізбей алда жол ұзақ.
Жорғадай аты желеді,
Қос өкпесін қолына ап.
Бір асу асса, бір биік,
Тағы да алдан шығады.
Батырып ойлар тұңғиық,
Жолаушы іштен тынады.
Қарсы алдында — қарақұм,
Толқындай көкке өрлеген.
Қорқыныш жайып қанатын,
Тамағы құрғап шөлменен.
Қазбақшы құмнан құдықты,
Кәусарды тартып тереңнен...
...Құдықшының қызықты
Тағдырын тартып келем мен.
Айызың ішсең қанатын,
Құдық суы, білсең — бал.
Қарсы алдымда — қарақұм,
Кеудемде менің бір шөл бар!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі