Бұл бетте «Қаншама жылдар өтсе де» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әнін жазған Жеңіс Сейдоллаұлы
Аялап сені келемін мен,
Жүзіңнен шуақ көремін мен.
Аялап мені сен де, жаным,
Күнімсің жарық бере білген.
Шынарымсың,
Жыр-әнімсің.
Анасы сенсің балалардың,
Анасы сенсің даналардың.
Жаным-ау, жазған әндерімді
Өзіңнен артық бағалар кім?
Шабытымсың,
Бақытымсың.
Қайырмасы:
Қаншама жылдар өтсе де,
Келемін аялаумен.
Жүрегім нұрын төксе де,
Қанатын жаяды әнмен.
Өтсе де жылдар қаншама,
Сенерім сен деп білем.
Өзің деп бағым – жансаям,
Әніммен тербеп келем.
Бақытты өмір – берекеміз,
Жарасты көңіл – мерекеміз.
Армандар алға жетелейді,
Біргеміз мәңгі сен екеуміз.
Шаттығымсың,
Ақ гүлімсің.
Қайырмасы.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі