Туған күнің – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Туған күнің» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 2
  • 7582
Әнін жазған Нұрлан Еспанов

Туған күнің –
Шат күнің,
Ерекше сәтті күн,
Бәрінен де бүгін биіксің.
Ардақтап өзіңді,
Қарақаттай мөлдір көзіңді,
Көру үшін, жаным, туыппын.

Қайырмасы:
Туған күнің қандай көркем?
Бақыт нұрын төккендей.
Құттықтаймын сен, еркем,
Күлім қағып көктемдей.
Әсем әнді мен де шертем,
Көкке қолым жеткендей,
Бұл өмірде досым жоқ сендей.

Туған күнің –
Бақ күнің,
Шалқыған шаттығың,
Қуанышқа бәрі бөленген:
Достарың осында,
Мақтанышың сенің қасыңда,
Әндерімді шырқай берем мен.

Қайырмасы.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (2)

Нұрай

Рахмет көп пайдасы тиді

Рақмет

Дұрыс емес екен

Осы автордың басқа өлеңдері