Аяла мені – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Аяла мені» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.07.2019
  • 0
  • 0
  • 4630
Әнін жазған Ренат Ғайсин

Саған қолым жете ме?
Айтсам, сөзім өте ме?
Болсам жақын етене
Деп ойлаймын.
Көріп алтын басыңды,
Көңіл күйі ашылды.
Бір өзіңдей асылды
Көп ойлаймын.

Қайырмасы:
Аяла мені,
Аяла мені,
Қарап жүрмін жолыңа.
Бағала мені,
Шағала мені
Қондыршы тез қолыңа.

Көңіл бөлші азғана,
Жас жүректі жасқама,
Алданбашы басқаға,
Жалынамын.
Өмірімнің алауы,
Көңілімнің қалауы –
Бір сен ғана аяулы,
Жаным-әнім.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері