Ерте оянған ара – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ерте оянған ара» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 29.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1249
Қарға оранып, құрсанып дала жатыр,
Күн жылынбас қаңтарда,
Қара да тұр.
Қос қабатты терезе тесігінен
Шыға келді оянып ара батыр.
Үйдің іші тең бе еді даламенен?
Жан-жағына тұрды ол қарап ерен.
Серігі жоқ қасында, гүл бағы жоқ,
Қоректенбек бұл жерде ара немен?
Көктем бе деп үй ішін шолып та алды,
Ары-бері қанатын керіп те алды.
Көріп еді қомданып, ұша алмады,
Үш күннен соң сол ара өліп қалды.
Асықпаса, көктем де келмес пе еді?
Келмес пе еді –
Гүлден нәр термес пе еді?
Кім біледі,
Басқаға балын беріп,
Өкінішсіз содан соң өлмес пе еді?
Түсінбедім осы бір оянысты,
Санамда бір сезікті ой алысты:
Таппаса ер елінен таянышты,
Өліміндей араның аянышты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ерте оянған ара өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ерте оянған ара өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ерте оянған ара өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ерте оянған ара өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері