Өңеш жыртқан қарқылынан қарғаның
Бұл бетте «Өңеш жыртқан қарқылынан қарғаның» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Өңеш жыртқан қарқылынан қарғаның
Ұғынамын жауатынын қар қалың.
Оған сірә қуануға болар ма? –
Аязы бар сықырындай арбаның.
Қарқылдаса қарқылдасын қарғалар,
Артық зат жоқ табиғатта таңданар.
Шөбін жиып, қымтап қора-қопсысын,
Шаруалар қыс күніне қамданар.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі