Талғар – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Талғар» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 30.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1698
Алыстан арман етіп асқарыңды,
Келемін баяу басып тастарыңды.
Бұлт ойнап ерке қыздың тұлымындай,
Бүркейді дөңгеленген аспаныңды.
Аралап қарағайлы шатқалыңды,
Келемін тамашалап бақтарыңды.
Ұқсатам батырға тән дулығаға,
Көк сүйген көз ұшында ақ қарыңды.
Мұнда жоқ жапан дала атырабы,
Шыңдары шабытымды шақырады.
Ышқынып өзендерің құз түбінде,
Жыландай отқа түскен атылады.
Бір қырат бір қыраттан биік жатыр,
Төбесі зеңгір көкке тиіп жатыр.
Қоршаған айнала құз, жайнаған мұз.
Бетіңді құшырлана сүйіп жатыр.
Қалайша бұрын сені аңғармағам?
Жол аштың таңғажайып, Талғар маған.
Келемін көтеріліп бірте-бірте
Шаңқайған шыңдарыңа жан бармаған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Талғар өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Талғар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Талғар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Талғар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері