Қаламыма – Мағжан Жұмабаев

Бұл бетте «Қаламыма» атты Мағжан Жұмабаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

...Енді, бетім, елді көр еңбек емген,
Басында бағы жанып, күнде күлген,
Қомданып, қас қырандай қаруланып,
Алыста орағытқан жауға төнген.
Осы бетім - ақ ниетім елге ере алсам,
Гүлденген өмірге үндес жыр бере алсам,
Социалды Отанды қанмен қорғап,
Керек болса, кезінде жан бере алсам.
Осы бетім - ақ ниетім, келдім бастап,
Жанымнан бар жараны сылып тастап.
Еңбекші ел, ашуы - ұшан, мейірімі мол,
Жанымды тартты саған жалаңаштап.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Аягөз

Сізге рахмет мен осы атамыздың көптеген өлеңдерін білдім

Осы автордың басқа өлеңдері