Алматы – әсемдік қаласы
Бұл бетте «Алматы – әсемдік қаласы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алматы – әсемдік қаласы,
Көз тоймас көркіне.
Алатау асқарға қарашы,
Қаласың желпіне.
Қаз-қатар тізілген көшелер,
Бастайды заңғарға.
Дегендей биіктеп өсе бер,
Бастайды арманға.
Асқақтап бой созған аспанға,
Керемет үйлері.
Жалынды жыр құйған жас жанға,
Ән менен күйлері.
Аңсаған арманым – Алматы,
Қызыға қарашы.
Тамсантқан әлемді алмасы,
Бақыттың қаласы.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі