Алматы – гүл қала
Бұл бетте «Алматы – гүл қала» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қанат жайған көсіле,
Алатаудың төсіне.
Алматыны атасаң,
Алма түсер есіңе.
Алматымыз – нұр қала,
Алматымыз – жыр қала.
Сағат сайын құлпырған,
Мәңгі жап-жас бұл қала.
Алматымыз – күн қала,
Алматымыз – гүл қала.
Көктөбе мен Медеуі
Таңғажайып тұр дара.
Алматымыз шынында,
Алатаудың шыңында.
Әншілердің әнінде,
Ақындардың жырында.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі