Өлең, жыр, ақындар

Ақын толғанысы

  • 01.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1206
Келмейді ұйқым дөңбешіп түнде менің,
Тарам-тарам боп кетті дін дегенің.
Кетіп жатса қазақтар кәпірленіп,
Шын масқара емес пе бұл дегенің?
Қыздар анау, көрсетіп кіндіктерін,
Дайын енді түруге «түндіктерін».
Қайда барып қазағым тіреледі,
Қызтекеге айналса ұл біткенің?
Ерлер қайда ойлайтын елдің қамын?
Жаратушы жаратқан жердің қамын?
«Бас-басына би болған өңкей қиқым»
Қайдан ұқсын еңбек пен тердің дәмін?
Қарастырып қулық пен айла мығым,
Ойлағаны бәрінің пайда бүгін.
Елім деген, тілім мен жерім деген
Ахмет, Сәкен, Мағжандар қайда бүгін?
Елі үшін күйдірген шарпып отқа,
Жан-тәніміз солардан артық боп па?
Бүгін менен ертеңнің қамын көздеп,
Сөйлемейміз неге сөз шаршы топта?
Арамдықпен ауырған адам оңбас,
Алдын алса кеселдің, жаман болмас.
Халық үшін қызымет етем десең,
Бүгінгідей жайдары заман болмас.
Ей, жігіттер, бәріміз бір қайықта,
Болашаққа сеніммен зырлайық та.
Ел бастаған ер тұлға адам болса,
Бір кісідей ден қойып тыңдайық та.
Шенеуніктер, шіреніп не етесіңдер?
Шіренсеңдер, шірік боп кетесіңдер.
Көпшіл болып, ойласаң көптің қамын,
Бұл өмірден күнәсіз өтесіңдер.
Бір Аллаға бағыштап дұға айтайық,
Дұға айтсақ, жүректен шын айтайық.
Тәуелсіздік тұғырын нығайтайық,
Нұрыменен Алланың тыңайтайық.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Елге сәлем

  • 0
  • 1

Ағайын, туған, армысың?
Қарттарым қыран, бармысың?
Қиядан көзді тартатын
Сендерсің құзар қарлы шың.

Толық

Қай кезде қайда жүрсем де

  • 0
  • 0

Қай кезде қайда жүрсем де,
Думаңды топқа кірсем де,
Тыпыршып мазам кетеді,
Бар ойым болып бір сенде.

Толық

Мәңгілік махаббатым

  • 0
  • 0

Мәңгілік махаббатым – анам менің,
Оянды ақ сүтіңмен санам менің.
Шыр етіп дүниеге келген күннен
Бақытым, бар арманым – балам дедің.

Толық

Қарап көріңіз