Қол – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Қол» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 01.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1318
Менің әппақ қолым бар,
Менің қат-қат жолым бар.
Ей, адамдар, қашанда
Тілектесім болыңдар.
Қонақ болсаң Құдайы,
Үйіме кеп қоныңдар
Кім шықса да көлденең,
Көңілім пәк көлдеген.
Ассалаумағалекум! –
Ақ ниетпен қол берем.
Кішілерді құрметтеп,
Үлкендерге жол берем.
Ата дәстүр салтымыз,
Ақтарылған қалпымыз.
Амандасу дегенді
Ардақтаған халқымыз.
Сырғып өтсек сәлемсіз,
Не болады парқымыз?
Тілек пенен тілектің,
Жүрек пенен жүректің
Дәнекері сияқты
Қол дегенің тірек бір.
Ғаламда бар адамға
Туыстықты тілеп тұр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қол өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Қол өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қол өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қол өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері