Көрпе
Бұл бетте «Көрпе» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бұл өмірдің көлемін
Шағын көрпе дер едім.
Тыным атпай тартқылап,
Жеткізе алмай келемін.
Басқа тартсам шамалы,
Тек кеудемді жабады.
Аяғымды қымтасам,
Басым ашық қалады.
Ойлауменен ертеңді,
Тұла бойым өртенді.
Таңдарымды атырдым,
Тартқылаумен көрпемді.
Үміт – көрпе несібем,
Тартынбаймын,
Шешінем.
Түбі бір кең көсілем,
Мәртебемді өсірем.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі