Жұлдыздар жымың қақпаса – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Жұлдыздар жымың қақпаса» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1346
Жұлдыздар жымың қақпаса,
Жаныңа жарық жақпаса,
Түнекті түріп ақпаса,
Бір Аймен түн де түн емес.
Қаншама алып болсаң да,
Теңіздей толқып толсаң да,
Аспанға ұшып-қонсаң да,
Жалғыздың күні күн емес.
Күш-қуат алып көңілге,
Тұрарсың тағдыр төрінде,
Достарың егер өмірде
Бірнешеу болса, бір емес.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері