Бұл бетте «Қос балам» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қос балам –
Егіз туған қос қанатым,
Бәйгіге баптап бағып қосқан атым.
Сөреге жүлдегер боп жетер болса,
Үмітті ақтағаны тосқан атым.
Қос балам егіз туған – мақтанышым,
Аянбай алыс жолға шапқаны шын.
Арындап асар небір асулардан,
Аралап өтер небір шатқал ішін.
Үмітін озық оймен оқтағасын,
Тынбасын, тартынбасын, тоқтамасын.
Әкенің жалғастырып арман жолын,
Өмірде өшпейтұғын от қаласын.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі