Өмірге менің өкпем жоқ – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Өмірге менің өкпем жоқ» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 17809
Өмірге менің өкпем жоқ –
Шуағын шашты көктем боп.
Қызғалдақ теріп қырлардан,
Талпына бердім бөктерлеп.
Өмірге менің өкпем жоқ –
Өнерін берді өктем боп.
Сүрініп кетсем сындарда,
Сүйеді сол сәт,
Сөккен жоқ.
Қаймығып дода-көкпардан,
Кездерім болса шет қалған,
Сөздерім болса тек қалған,
Өзіме ғана өкпе артам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері