Өлең, жыр, ақындар

Туған күніңізбен анашым!

Анашыма жарты ғасыр
Сөзі/оқыған: Ибрахим Пернаев

Елуге қалай толдыңыз ана?
Ей уақыт-ай зулағаның ба?
Шүкіршілік етем күнде:
Жат жұрттық қып тумағаныңа,
Соққан дүлей желден,аққан су көлден.
Тамырың терең құламадың да.
Бес балаңды құрсаққа алып,
Ақ сүтіңді сыйлағаның ба?
Демеу беріп,әкемізге,
Сан қиындық шыдағаныңа.
Қырыққа сіз толған кезде,
Самайыңнан ақ шаш көріп,
Мұңайған едім.
Зулаған уақыт жасарын жасап,
Елу жыл ол-жарты ғасыр байқамап едім.
Рахмет,саған ана,
Бейбіт заманда туғаның үшін.
Міржақып пен Ахметтердей,
Тар заманға бермегенің үшін.
Рахмет, саған ана,
Әкеме адал болғаның үшін.
Түндерде жылап мазаңды алсам,
Соскамды салып жұбатқаның үшін,
Рахмет, саған ана,
Қатем болса түзегенің үшін.
Ұрпағыңды ойлап болашақ,
Темекі арақ ішпегенің үшін.
Рахмет, саған ана,
Маңдайдан аққан адал тер үшін.
Ұлы тұлға болсын деумен,
Аман-есен жүрсін деумен,
Жақсы келін келсін деумен,
Шөбересін әжең көрсін деумен,
Алла өзі жар болсын деумен,
Күндіз түні дұғаңды арнап,
Менің қамымды ойлағаның үшін.
Рахмет,саған ана.
Табан астыңыз Жұмағым үшін.
Меккеге сені апарады ұлың!
Текті қан беріп жаратқаның үшін!



Пікірлер (1)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз - авторы өзім - деген жазуды басу керек (жазудың үстіне). Қаламды басып өңдеуге болады.

Пікір қалдырыңыз

Ана, әпке, қарындасқа

  • 0
  • 1

Артымнан ерген жалғызым еркем,
Қара ағаң саған жан сырын шерткен,
Адаспай журіп,адаспай басып анамның ізін,
Атаның Арғын келіні көркем!

Толық

Әке өлең

  • 1
  • 1

Рахмет, саған, Әке!
Жарық әлем көрсеткенің үшін,
Жетім қылып кетпегенің үшін,
Тектілікті жоғалтпай,

Толық

Ағама

  • 0
  • 0

Ұстатпаған ешкімге інісінің жағасын,
Қатем болса түзететін,қанатымсың дарасың,
Ибрахимің сыйлап өтер Жарылғаптай ағасын!
Тамшыны да өткізбейтін шатырымсың панасың,

Толық

Қарап көріңіз