Өлең, жыр, ақындар

Жетім жыры

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3573
Қалтылдап қаз тұрғаннан тәй-тәй басып,
Талпындым алаға қарай байқай басып.
Қосылып көрші-қолаң балалармен,
Ойнақтап жүгіріп кеттім айқайласып.
Аптығым көрген емес бір басылып,
Көбелек қуаладым қырға шығып.
Сәл ғана көрмей қалсам достарымды,
Көңілім алып-ұшып тұрды асығып.
Балалық балғын шақта не білемін?
Тамаша секілді еді төңірегім.
«Жетім» деп тексіз біреу тілдегенде,
Егіліп алғаш рет еңіредім.
Сол күннен артта қалып балалығым,
Сол күннен көңілімді қамады мұң.
Есіркеп мен секілді жетімекті,
Аялап құшағына алады кім?
Күн сайын қуанышпен кезігердей,
Қайда жүр әкем іздеп өзі келмей?
Бар болса, баласын бір сүймес пе еді,
Адасып жүр ме әлде көзі көрмей?
Күлгенде жайраң қағып басқа бала,
Мен жүрмін жанарымды жасқа мала.
Тірексіз тірі жетім тас түйін боп,
Іздедім әкем бар деп асқар ала.
Мүмкін, ол жүрген шығар бір қалада,
Кейбір кез мені ойлап мұңдана да.
Өзінің перзентінен кім безеді,
Зар болса кейбіреулер бір балаға?
Атану тірі жетім – арға батар,
Әке деп алаңдаумен таңдар атар.
Айналып бір соқпаса баласына,
Қайрымсыз тас тұлғадай жанға батар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ит

  • 0
  • 0

Сотқарлау бір Иті болды мырзаның,
Көрмеді ол жоқшылықты бір мысқал.
Басқа Ит мұндай тұрмысқа
Білдіріп шын ырзалық,

Толық

Арамызда бәрі бар

  • 0
  • 0

Бір сөзді дәл ұғар,
Бір сөзді сәл ұғар –
Сан алуан баланың
Арамызда бәрі бар.

Толық

Әжемнің көмекшілері

  • 0
  • 0

Марал әжем әлі мықты,
Таңнан іске аттанады.
Мойындамас кәрілікті,
Көп жұмысты атқарады:

Толық

Қарап көріңіз