Алтын адам

Бұл бетте «Алтын адам» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 4372
Баяғы замандардан Есік қорған –
Сақтарға атамекен бесік болған.
Асқарлы Алатаудың аясында
Бабалар өмір сүріп, өсіп-толған.
Бабалар өр мінезді асқақ келген,
Сақтардың батырларын қас Сақ деген.
Мінеки, содан бері қалыптасқан
Атауы халқымыздың Қазақ деген.

Қайырмасы:
Алтын адам, Алтын адам –
Нағыз батыр, қас Сақтар.
Алтын адам, Алтын адам –
Бүгінгі ел Қазақтар.
Алтын адам – ата-тегі,
Қазақ даңқы асқақтар.
Алтын адам – қас Сақтар,
Алтын адам – Қазақтар.

Сақтардың тұла бойы толған өнер,
Оюлап өрнектеуге болған шебер.
Алтынмен аптап киген киімдерін,
Сәулетті сала білген қорған нелер.

Айғағы соның бірі – Алтын адам,
Алтынмен тұла бойы жарқыраған.
Мыңдаған жылдар ұзақ жатса-дағы,
Тұлғасын шаң басып, от шарпымаған.

Қайырмасы.

Сақтар тек жайламаған Алатауды,
Жайлаған Алтай, Арал, Қаратауды.
Қазақтың бар жерінде көшіп-қонып,
Тамаша тіге білген ақ отауды.

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алтын адам өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Алтын адам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алтын адам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алтын адам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері