Көкбұлақтың қойнауы

Бұл бетте «Көкбұлақтың қойнауы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1215
Көкбұлақтың қойнауы
Жерұйықты жер екен.
Таусылмайтын тойлауы,
Тамашалы ел екен.
Сұлулықтың бұл жаққа
Мол еншісі тиіпті-ау.
Терең өзек бір жақта,
Бір жағында биік тау.
Сылқ-сылқ күліп, дөп құлап,
Ағып жатыр мың бұлақ.
Бір жағында –Көкбұлақ.
Бір жағында Шыңбұлақ.
Күй боп енер сезімге
Көл жағалай көгарыш.
Мұндай жердің өзінде
Еңбек ету – демалыс.
Түндері тым тамаша,
Тартатұғын сыйы көп.
Аспаны да аласа,
Жұлдызы да жиірек.
Тамылжыған таң әне,
Шұғылалы, арайлы.
Оңтүстіктің самалы
Тәніңе от боп тарайды.
Көрсең мейір қанатын
Қос бұлақтың етегі –
Кеңге жайған қанатын
Әнші ауылдың мекені.
Қыз, жігіті жиылып,
Шыққан кезде ән салып.
Асау жүрек жиі ұрып,
Танданасың тамсанып.
Жұпар сепкен ертемен
Өзен бойы жалбыздар.
Өзегіңді өртеген
Құралай көз балдыздар.
Қыз алдында қысылып,
Отырмауды жөн көрер,
Кәусар қымыз ұсынып,
Жымыңдайды жеңгелер.
Көңілін тауып атаның,
Күймен айтсаң мырзалық.
Сипай қойып сақалын,
Білдіреді ырзалық.
Көкбұлақтың керемет
Табиғатын қиялдай,
Аз күн болып, не керек,
Кетіп барам қия алмай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көкбұлақтың қойнауы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Көкбұлақтың қойнауы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көкбұлақтың қойнауы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көкбұлақтың қойнауы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері