Апыр-ау, ұлға жағын, құлға жалын – Сәкен Иманасов

Бұл бетте «Апыр-ау, ұлға жағын, құлға жалын» атты Сәкен Иманасов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 01.06.2021
  • 0
  • 0
  • 745
Апыр-ау, ұлға жағын, құлға жалын,
не болып бара жатыр бүл қазағың!
Тәңірім аз деп жүрме,
кеше көрген
жел айдап көше берген күллі азабын.
Тиді ме алда-жалда құлға билік,
басына бақ-дәулетті бұлдап үйдік,
ұшпаққа шығарады ол,
шығамыз деп,
жабыла ұран іздеп,.. бір дәлидік.
Халқым-ай, қайыр күткен ұлдан масаң,
жетіпті қадіріңе құлдар қашан?
Ұлысаң айға қарап аспандағы
ол дағы сасқандағы... бір далбасаң.
Келе ме ести бергің кіл мазағын,
қайырсыз құлға жағын, ұлға жалын!
...Аспанда айға налып,
майдаланып,
барады қайда лағып бұл қазағың?! 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері