Ел мақтанышы – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ел мақтанышы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1663
(Бокстан Еуропа чемпионы болған Серік Қонақбаевқа)

Мақтасақ біз мақтайық та Серікті,
Жігіт болып жаратылған көрікті.
Ақыл, қайрат, сыр мен сымбат, мейірім –
Бәрін бірдей бір басына беріпті.
Тәубасына келтіріп көп «мықтыңды»,
Шаршы алаңда шайқасқанын ықтырды.
Бокс деген емес тіпті төбелес,
Үлкен өнер екендігін ұқтырды.
Жазық маңдай, қара мұртты қияқты,
Сұлу тұлға тұлпардайын тұяқты.
Қарсыласын құлатуды көздемей,
Шаршы алаңда билеп жүрген сияқты.
Көрсең аңдап жан дүние пейілін,
Тұла бойы тұнып тұрған мейірім.
Жан біткенге жарастықты ұсынып,
Бір өзіне аударды әлем зейінін.
Қашанда ол сабырлы бір қалыпты,
Сонысымен тәнті қылған халықты.
Қарсыластың соққыларын дарытпай,
Асқан шебер екендігін танытты.
Жұлқынатын жолбарыстай жаралы,
Қара ниет жауыз жандар бар әлі.
Қарсыласы ұмтылса жеп қоярдай,
Серік оны күліп қарсы алады.
Мен осындай ерлеріме мақтанам,
Оның әрбір жеңісіне шаттанам.
Жасай берсін Серік сынды жігіттер,
Ел намысын, ел бірлігін сақтаған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ел мақтанышы өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ел мақтанышы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ел мақтанышы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ел мақтанышы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері