Қызыл жалау

Бұл бетте «Қызыл жалау» атты Мағжан Жұмабаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

-Жалынды жалау кімдікі?
-Тұрағы тарғыл тас қия,
Арбаңдаған Азия -
Жалындай жалау соныкі,
Ендеше, қазақ, сенікі!
-Қызыл шоқ жалау кімдікі?
-Кім де кім: «Тәңірім - от,- десе,-
Басқа Тәңірім жоқ»,- десе,
Қызыл шоқ жалау соныкі,
Ендеше, қазақ, сенікі!
-Қызыл шоқ жалау кімдікі?
-Кім де кім шикі қан жұтса,
Қан аңсап жүріп шаң жұтса -
Қызыл қан жалау соныкі,
Ендеше, қазақ, сенікі!
-Қанды жас жалау кімдікі?
-Кімнің ұлы құл болса,
Тұлымдысы тұл болса -
Қанды жас жалау соныкі,
Ендеше, қазақ, сенікі!
-Өртенген жалау кімдікі?
-Кім өртенген гүлдемей,
Кім таланған, кім кедей -
Өртенген жалау соныкі,
Ендеше, қазақ, сенікі!
-Азаттық жалау кімдікі?
-Көре алмаса кім теңдік,
Тепкі көрсе кім кемдік -
Азаттық жалау соныкі,
Ендеше, қазақ, сенікі!


Пікірлер (4)

????

Өте керемет

Нұрсұлтан Жұмабаев

Жалынды шумақ кімдікі, Əрине Мағжан сенікі!

Қасым Жомарт Тоқаев

Дұрыстап жазындарш қате қылмай

Нұрсұлтан Ә Н

Бәрі дұрыс

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызыл жалау өлеңінің авторы кім?

Мағжан Жұмабаев — осы өлеңнің авторы.

Қызыл жалау өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызыл жалау өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағжан Жұмабаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызыл жалау өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері