Өлең, жыр, ақындар

Құралбек

  • 02.08.2019
  • 0
  • 0
  • 873
Ошақтыда оза туып, Құралбек,
Үшаралдан түлеп ұштың қыран боп.
Туысымыз топты жарып шықты деп,
Ағайын боп мақтанамыз бұған көп.
Жақсы жандар бір руға жатпаған,
Жарандарын бүкіл елі жақтаған.
Арғы жағын алты атадан асырып,
Қазақ, бірақ, ата салтын сақтаған.
Көлсіз жерге аққу қонбас тегінде,
Сөлсіз жерде жайқатылмас егін де.
Пейілімен, мейірімен танылған,
Тегін емес түп-тамырың, тегің де:
Аталарың Құлажан мен Еспенбет,
Елі үшін игі істер еткен көп.
Жоқ-жақаудан аямаған байлығын,
Жаны жайлау, көңілдері көктем боп.
Бабаларға байлық тегін көшіп пе? –
Пейіліне Құдай берген несіп те.
Екі атаң да көмектескен аянбай
Үшаралда бой көтерген мешітке.
Міне, сондай аталардан таралдың,
Терең тартқан тамырынан нәр алдың.
Бал арадай білім жинап, мал емес,
Ғұламалар қатарына қаландың.
Игілігі үшін мына заманның,
Сырын ашып сиқыры мол ғаламның,
Игілігі үшін мына адамның,
Нәрлілігін жетілдірдің тағамның.
Қазақтардың ұл-қыздарын оқыттың,
Санасына ұлттық сезім тоқыттың.
Қазақ, сірә, қасиетті бола ма,
Тыңдамаса күйін баба Қорқыттың?
Өзіңнің де өрендерің болымды,
Келе жатыр қуып жарқын жолыңды.
Жанна қызың жарқыраған жұлдыздай,
Білімінің биігінен көрінді.
Қайрат ұлың қайратымен нар, тіпті,
Шаруақой атасына тартыпты.
Ертелі-кеш еңбек етіп ерінбей,
Көзін тауып, шаруасын шалқытты.
Қаны болса, қанат қақпай қалмақ кім?
Өзгелерден орны бөлек Талғаттың:
Ғылым-білім көкжиегін кеңейтіп,
Бара жатыр биіктерге самғап тым.
Бір бала бар тартып туған әкеге,
Бір бала бар артық туған әкеден.
Талғатты біз қандай бала десепк те,
Артық айтып, ұрынбаймыз қатеге.
Осындай жан бола тұрып бақытты,
Осындай жан бола тұрып шабытты,
Бір сөз айтпай шалқақтаған шалықты,
Өзгертпейсің қарапайым қалыпты.
Қазағымның қандай ғажап даласы?
Қазағымның қандай ғажап данасы?
Білімімен жетілген ой-санасы,
Өзіңдей-ақ болсын қазақ баласы.
Ошақтыда оза шауып, Құралбек,
Үшаралдан түлеп ұштың ұлан боп.
Қанатыңды қаға бергін қыран боп,
Ел аузында қала бергін бір ән боп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Албан мен Ерлан

  • 0
  • 0

Албан биыл алтыда,
Қара әділ қалпына:
Ережені құптайды,
Алға адым шықпайды.

Толық

Біздің ту

  • 0
  • 0

Отан туы желбіреп,
Көз тартады құбыла.
Біз қараймыз елжіреп
Туған елдің туына.

Толық

Мама

  • 0
  • 0

Айналайын анашым,
Күнім де сенсің,
Гүлім де сенсің,
Үнім де сенсің.

Толық

Қарап көріңіз