Тап баса алмай тілегіңді түптегі –
Абдрахман Асылбек
Бұл бетте «Тап баса алмай тілегіңді түптегі» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тап баса алмай тілегіңді түптегі,
Көңілім бір көптен бері күпті еді.
Табыстық біз бара жатып үйіне,
Жан құрбыңның жолы неткен құтты еді?
Көңілдердің кірбіңі тез шайылды,
Жарқын жаның дастарқан боп жайылды.
Шаттық күлкің жарқыратып жіберді
Аспандағы күнім менен айымды.
Қаншалықты кезсем-дағы жыр елін,
Бақытыма жолыға алмай жүр едім.
Кесілгендей аяқтағы тұсауым,
Емін-еркін көсіліп бір түледім.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі