Сен туралы ойлаймын
Бұл бетте «Сен туралы ойлаймын» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қызарып күн батса да,
Ағарып таң атса да,
Сен туралы ойлаймын.
Бұлбұл сайрап бақшада,
Сылдырап су ақса да,
Сен туралы ойлаймын.
Қыздар күлім қақса да,
Алтын алқа тақса да,
Сен туралы ойлаймын.
Кемпір-шалдар жатас да,
Қақпаларын жапса да,
Сен туралы ойлаймын.
Жұрт ұйқыға батса да,
Жан рахат тапса да,
Сен туралы ойлаймын.
Талай сұлу жақса да,
Жүрегімді пәк сана,
Сен туралы ойлаймын.
Ойлауымды қоймаймын,
Қашан бірге тойлаймын?
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі