Бұл бетте «Дәрігерді сүйдім мен» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(Әзіл)
Дәрігерді сүйдім мен –
Дертті болсам емдер деп,
Мінім болса жөндер деп.
Ұсынғанда қол бер деп,
Қысылғанда дем бер деп.
Сөйтсем, өзі паң екен,
Берері тек дәрі екен.
Дәрігерді сүйдім мен –
Дертті болсам жазар деп,
Денсаулығым базар деп,
Аудара гөр назар деп,
Сенсіз жаным азар деп.
Сөйтсем, беті әрі екен,
Берері тек дәрі екен.
Дәрігерді сүйдім мен –
Жанға түскен жара үшін,
Айтып жүрек арызын,
Түсінбеді мәнісін,
Ұсынды тек дәрісін.
Сөйтсем, байы бар екен,
Берері тек дәрі екен.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі