Құлпырып тау бөктері

Бұл бетте «Құлпырып тау бөктері» атты Абдрахман Асылбек жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 03.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1795
Құлпырып тау бөктері,
Келді өмірдің көктемі.
Көп қарадым сен бе деп,
Қарлығашқа көктегі.
Бөлеп сәнді сазына,
Келді өмірдің жазы да.
Көп қарадым сен бе деп,
Көлдің аққу, қазына.
Сезсем-дағы күз лебін,
Үмітімді үзбедім.
Бұрымыңа баладым
Тырналардың тізбегін.
Күз де өтер, қыс келер,
Әлем әппақ түске енер.
Еске салып өзіңді,
Әлі талай құс келер.
Қалқам, келіп қайтсаңшы,
Жан сырымды байытсаңшы.
Өзің келе алмасаң,
Құстан сәлем айтсаңшы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құлпырып тау бөктері өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Құлпырып тау бөктері өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құлпырып тау бөктері өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Құлпырып тау бөктері өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері