Менің шалқып жүруім сенің арқаң – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Менің шалқып жүруім сенің арқаң» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.08.2019
  • 0
  • 0
  • 3935
Менің шалқып жүруім сенің арқаң,
Өмір бойы өзіңе сенім артам.
Сыңғырласа сырнайдай сиқырлы үнің,
Көтерілер көңілім, кеңіп арқам.
Менің шалқып жүруім сенің арқаң,
Өмір бойы өзіңе сенім артам.
Айдап салсаң, арынды арғымақпын,
Тоқтата алмас ешкім де керіп арқан.
Менің шалқып жүруім сенің арқаң,
Өмір бойы өзіңе сенім артам.
Өлең жазып жатамын шабыттанып,
Түсімде де өзіңді көріп әр таң.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері