Бұл бетте «Еліту» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
03.08.2019
0
0
1892
Кел, құрбым, қыр басынан гүл терейік,
Гүл шоғын жібек желмен күлтелейік.
Аралап Алатаудың атырабын,
Жас қайың жапыраған бүркенейік.
Жалбызды жасыл желек жастанайық,
Жұпарын жұтайық та, мас болайық.
Жатайық өң мен түстің арасында,
Лезде бір кеткен кезде қас қарайып.
Тұрайық содан кейін балбырап бір,
Қызулы құшақтарда албырап гүл.
Махаббат масайратқан мәңгі бақ бұл,
Жырласын бар табиғат ән құрап бір.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі