Қыз деген нәзік болсайшы
Бұл бетте «Қыз деген нәзік болсайшы» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қыз деген нәзік болсайшы,
Жаны кең жазық болсайшы.
Жігіттің үміт күніне
Айланар қазық болсайшы.
Бір мезет күлсең, не етеді?
Жайраңдап жүрсең, жетеді.
Тым салқын, селқос қарауың,
Мені шын бүрсеңдетеді.
Қаталдық қызға лайық па?
Бұйырма мені айыпқа.
Махббат отын маздатып,
Жүректі қыздырайық та.
Көңілді манауратайық,
Өмірді алаулатайық.
Жастықтың жарқын жалынын
Жырменен жалаулатайық!
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі