Ақ қыз – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Ақ қыз» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 03.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2611
Сенің мінсіз тәніңді
Болар еді не десем?
Әппақ қарға кәдімгі
Жетер ме еді, теңесем?
Қар дегенің немене?
Суық зат қой, жансыз ғой.
Қардан әппақ денеге
Ол теңеуім әлсіз ғой.
Сенің балғын тәніңді
Болар еді не десем?
Әппақ сүтке кәдімгі
Не етер еді теңесем?
Сүт дегенің немене?
Сұйық зат қой, жансыз ғой.
Сүттен әппақ денеге
Ол теңеуім әлсіз ғой.
Болар еді не десем?
Ақ мақтаға кәдімгі
Болар ма еді теңесем?
Мақта деген немене?
Жұмсақ,
Бірақ, жансыз ғой.
Мақтадан ақ денеге
Ол теңеуім әлсіз ғой.
Сенің мәрмәр тәніңді
Болар еді не десем?
Аққу құсқа кәдімгі
Болар ма еді теңесем?
Сенің жарқын жаныңды
Болар еді не десем?
Әппақ нұрға кәдімгі
Өтеледі теңесем.
Әппақ толқын шашыңнан
Жібек көрем төгілген.
Бір сипамай басыңнан,
Не табар ем өмірден?
Көздеріңді көгілдір –
Түпсіз терең көл дер ем.
Қанып ішпей сөлін бір,
Өмір бақи шөлдер ем.
Сенің сұлу тұлғаңды
Қайың дер ем бұралған.
Сендей ару бір жанды
Сүйіп өту – шын арман.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ қыз өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Ақ қыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ қыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ қыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері