Бұл бетте «Қызғаныш деген көк төбет» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
04.08.2019
0
0
2061
Қызғаныш деген көк төбет
Ішіңе кіріп ұлиды, ә!?
Жүректі бөлсе төрт бөлек,
Көңілің, сірә, жыли ма?
Қызғаныш деген көк төбет
Ішіңе кіріп ұлиды, ә!?
Арыңмен қалып жекпе-жек,
Іздейсің ізгі бір ила.
Қызғаныш деген көк төбет
Ішіңе кіріп ұлиды, ә!?
Жарыңа біраз өкпелеп,
Күтесің қайта шын иба.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі