Бұл бетте «Жүрек» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
04.08.2019
0
0
1636
Жүрек деген арсыздың
Сұлуы жоқ сүймеген.
Әлемдегі бар қыздың
Алданада ол билеген.
Сұлу деген қысапсыз,
Біреуінен бірі артық.
Жүрек шіркін нысапсыз,
Сүйе берер құмартып.
Елпең қағар елжіреп,
Таңдап өмір сұлуын.
Сөйтіп жүріп сол жүрек
Жоғалтады жылуын.
От жүректің, алайда,
Ақыл деген досы бар.
Соған ғана қарайлап,
Содан ғана тосылар.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі