Күнім де қуанышым – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Күнім де қуанышым» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1669
Күнім де қуанышым бір сен дедім,
Шынында шын бақытым бір сен бе едің?
Түбінде терезеңнің түндер күтіп,
Қақаған аяздарда бүрсеңдедім.
Құлпырған көктемім боп күлсең дедім,
Күлкіңе құлағымды түрсем дедім.
Жылы бір лебізіңді ести аламай,
Құса боп қапаменен құр сенделдім.
Жайнаған жазым болып жүрсең дедім,
Қайнаған құшағыңа кірсем дедім.
Алайда аймалауға айла таппай,
Қиял боп қала берді құр сенгенім.
Ақтарып ағыл-тегіл жыр селдерін,
Кеудеңе керемет гүл ілсем дедім.
Өзіңді ойлай-ойлай ақтығында,
Ақын боп кеткенімді білсең менің...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күнім де қуанышым өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Күнім де қуанышым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күнім де қуанышым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күнім де қуанышым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері