Көз алдымда кешегім мен бүгінгім

Бұл бетте «Көз алдымда кешегім мен бүгінгім» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1354
Көз алдымда кешегім мен бүгінгім,
Өмірдің өз шындығына жүгіндім.
Екеуінің айырмасы аралық
Жер мен көктей екендігін ұғындым.
Қой соңында серігі боп Мойнақтың,
Бабаларым батты азапқа бойлап тым.
Ал, мен болсам айқара ашып есігін,
Ғұламалар ордасында ой бақтым.
Ширатылып шидем шекпен, тонға мен,
Түйе мініп, теңселмедім жорғамен.
Асфальт жолмен аңыратып қайда да
Желаяқтай жетіп бардым «Волгамен».
Жапан дүзде жарқыратып санамды,
Самаладай сансыз үйлер қаланды.
Қайда барсаң – көтеріліп көңілің,
Айырмайсың қалам менен даламды.
Қыр басына қадай салсаң көк шыбық,
Көп кешікпей нән қарағай боп шығып,
Қайда барсаң – шалқып жатқан береке
Қайран мына тыныштық пен тоқшылық.
Өмірімнен көре алмайсың кемістік,
Қиялыма қанат берді кеңістік.
Қайда барсаң – күндей күліп қарсы алар,
Адам деген ардақты есім ең ыстық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көз алдымда кешегім мен бүгінгім өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Көз алдымда кешегім мен бүгінгім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көз алдымда кешегім мен бүгінгім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көз алдымда кешегім мен бүгінгім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері