Бұл бетте «Күнім де қуанышым» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Күнім де қуанышым бір сен дедім,
Шынында шын бақытым бір сен бе едің?
Түбінде терезеңнің түндер күтіп,
Қақаған аяздарда бүрсеңдедім.
Құлпырған көктемім боп күлсең дедім,
Күлкіңе құлағымды түрсем дедім.
Жылы бір лебізіңді ести аламай,
Құса боп қапаменен құр сенделдім.
Жайнаған жазым болып жүрсең дедім,
Қайнаған құшағыңа кірсем дедім.
Алайда аймалауға айла таппай,
Қиял боп қала берді құр сенгенім.
Ақтарып ағыл-тегіл жыр селдерін,
Кеудеңе керемет гүл ілсем дедім.
Өзіңді ойлай-ойлай ақтығында,
Ақын боп кеткенімді білсең менің...
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі