Көз алдымда бір бейне – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Көз алдымда бір бейне» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2150
Көз алдымда күлімдеген бір бейне,
Көк белдегі үлбіреген гүлдей ме?
Гүлге елітіп елжіреген жанымды
Сол бір сұлу білдеді ме, білмей ме?
Көз алдымда дірілдеген бір бейне,
Көктемдегі бұлбұл төккен үндей ме?
Үнге елітіп елжіреген жанымды
Сол бір сұлу біледі ме, білмей ме?
Көз алдымда көлбеңдеген бір бейне,
Тұнжыраған түн пердесін түрмей ме?
Құшағыма күнім болып кірмей ме?
Бақыт сыйлап, мәңгі бірге жүрмей ме?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері