Сайтандығың санамды шын сыздатты – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Сайтандығың санамды шын сыздатты» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.08.2019
  • 0
  • 0
  • 1375
Сайтандығың санамды шын сыздатты,
Жүрегімді жандырды да мұздатты.
Екеуіміз екі шоқы екенбіз,
Арамызда аттай алмас құз жатты.
Жегідей жеп жаман ойлар жармасты,
Тәтті қиял қызғанышпен алмасты.
Алай-дүлей соғып өткен бір дауыл,
Жалп еткізді от сезімді алғашқы.
Не екенін білмеуші едім сүюдің,
Не екенін білмеуші едім күюдің.
Тамағыма тас тіреліп қалғандай,
Сол түні мен алғаш рет түйілдім.
Сеніменен сәулеленіп көмескім,
Төбесіне көтеріп ең белестің.
Амал қанша, өртеп кеттің оңдырмай,
Бірақ, мендей сүймес енді сені ешкім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сайтандығың санамды шын сыздатты өлеңінің авторы кім?

Абдрахман Асылбек — осы өлеңнің авторы.

Сайтандығың санамды шын сыздатты өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сайтандығың санамды шын сыздатты өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Абдрахман Асылбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сайтандығың санамды шын сыздатты өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері